ЙОДИНЕКС ФОЛИУМ
Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат болып табылмайды.
| Құрамы: Бір таблетканың құрамында: Белсенді заттар: Фолий қышқылы — 400 мкг Йод — 150 мкг B12 дәрумені (цианокобаламин) — 3 мкг | |
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, магний стеараты, кремний диоксиді.
100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы:
ақуыздар – 0,0 г, майлар – 0,0 г, көмірсулар – 49,6 г. 830,6 кДж / 198,4 ккал
Қолдану аймағы:
йод, фолий қышқылы және B12 витаминінің қосымша көзі ретінде тағамға биологиялық белсенді қоспа.
Құрамдас бөліктерінің функционалдық қасиеттері:
Фолий қышқылы – зат алмасудың қалыпты жүруіне ықпал етеді, жасушалардың бөлінуі мен нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысады.
Йод – қалқанша бездің қалыпты жұмыс істеуіне және оның гормондарының түзілуіне ықпал етеді, зат алмасуды және энергия алмасуын қолдайды.
В12 дәрумені – қан түзілуінің қалыпты жүруіне ықпал етеді, зат алмасуға қатысады және жүйке жүйесінің қалыпты қызметін қолдайды.
Қолдану бойынша ұсынымдар:
ересектерге тәулігіне 1 таблеткадан 1 рет тамақпен бірге қабылдау ұсынылады.
Қабылдау ұзақтығы: 30 күн.
Қарсы көрсетілімдер: компоненттерге жеке төзімсіздік және 18 жасқа дейінгі балалар.
Сақтық шаралары: өнім ересектерге арналған. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Сақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары: дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады.
Жарамдылық мерзімі: 48 ай (қаптамада көрсетілген).
Өндіруші және оның мекенжайы:
Pharmacy Lap Group LLC, Szeroka көшесі 33, 05-075 Варшава, Польша
Импорттаушы / тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Index Pharma Company» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Жібек Жолы к-сі, 154, Пошталық индекс: 050000, тел: +7 (778) 544-00-22, E-mail: indexzakup@gmail.com
Шығару түрі: № 30 таблеткалар (бір таблетканың салмағы 250 мг). 15 таблекадан 2 блистер қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Таблетканың сипаттамасы: ақ түсті, дөңгелек пішінді, екі жағынан дөңес таблетка.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, нөмірі мен берілген күні:
№ KZ.16.01.98.003.R.000136.03.26 13-03-2026 жыл.
КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР 029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді
ISO 22000:2018.