Ливемарин форте

Ауырлық сезсең, май мен холестерин — көмектесер саған Ливемарин!
>>

Ливемарин форте

Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.

Құрамы:
Бір таблетканың құрамында
Белсенді заттар:
Сүт ошаған сығындысы (Silybum marianum)— 100 мг
(оның ішінде: 70% силимарин)— 70 мг

Қосымша заттар: Микрокристалды целлюлоза (Е460), магний стеараты (Е470) және кремний диоксиді (Е551)

100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы:
Ақуыздар — 10,85±0,65 г, майлар – 0,5±0,03 г, көмірсулар – 83,99±4,2 г и 1586 кдж/379 ккал

Қолдану аймағы:
Тағамға биологиялық белсенді қоспа  — силимарин қосымша көзі ретінде ұсынылады.

Құрамдас бөліктердің функционалдық қасиеттері:
Силимарин (Silybum marianum) – Сүт ошаған (Milk Thistle) өсімдігінің белсенді компоненті, бауырдың саулығын қолдауға көмектесетін табиғи зат. Силимарин келесі процестерді қолдайды: бауырдың қалыпты функционалдық жағдайын сақтау, бауыр жасушаларын тотығу стрессінен қорғау, табиғи регенерацияның процестерін қолдау, қалыпты өт бөлінуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен бауырды қорғау. Силимарин бауырға жүктеме түскен жағдайда, әсіресе тамақтану ерекшеліктеріне, токсикалық факторлардың әсеріне немесе дұрыс өмір салтын ұстанбаған жағдайда пайдасын тигiзедi.

Қолдану бойынша ұсынымдар:
Ересектерге тамақ кезінде тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан қабылдау керек.

Қабылдау ұзақтығы:
30 күн.

Қарсы көрсетілімдер:
Компоненттерге жеке төзімсіздік, жүктілік, лактация кезеңі және 18 жасқа дейінгі балалар.

Сақтық шаралары:
Өнім ересектерге арналған. Қолданар алдында дәрігерден кеңес алу ұсынылады. Ұсынылған тәуліктік дозадан аспаңыз.

Сақтау шарттары:
Құрғақ, жарық түспейтін, баланың қолы жетпейтін, температурасы 25°C жоғары жерде сақтау керек.

Сатылу шарттары:
Дәріхана желісі және сауда желілерінің бөлімдері арқылы сатылады. Рецептсіз босатылады

Жарамдылық мерзімі:
36 ай (қаптамада көрсетілген).

Өндіруші және оның мекенжайы:
ALG Pharma Sp. z o.o. Мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234  Варшава, Польша.

Импорттаушы тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы, Әуезов көшесі, 14а. Пошталық индекс: 050000, тел: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com

Брендті жылжыту жөніндегі уәкілетті тұлға және оның орналасқан жері: «Index Pharma Company» ЖШС, мекенжайы: Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 154, E-mail: indexzakup@gmail.com

Шығару түрі:
№ 30 таблеткалар (бір таблетка салмагы 210 мг), 1 блистердегі 30 таблетка қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Таблетканың сипаттамасы: ақшыл-сары түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы да тегіс

Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні
KZ.16.01.98.003.R.000385.04.25 23 сәуір 2025 жыл

КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР  029/2012  және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді
ISO 9001:2015/HACCP                                                                

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *

Прокрутить вверх