Метаболисан
МЕТАБОЛИСАН
Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.
Құрамы:
Бір таблетканың құрамында:
Белсенді заттар:
Ақ тұт жапырағының сығындысы -152мг
Қосымша заттар:
Микрокристалды целлюлоза (Е460), кальций фосфаты (E341), магний стеараты (E470), кремний диоксиді (E551).
100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы:
Ақуыздар — 0,52 г, көмірсулар — 0,4 г, майлар — 0.00 г жене 1,67 кДж/ 0,4 ккал.
Қолдану аймағы:
Тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады — қандағы қант деңгейін қалыпты ұстауға ықпал етеді.
ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:
Ақ жібек ағашының жапырағының сығындысы — көмірсулар, соның ішінде глюкозаның метаболикалық тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді. Көмірсулар алмасуын қалыпқа келтіруге көмектеседі, жасушаларды тотығу стресінен қорғайтын антиоксиданттық қасиеттерге ие.
Қолдану бойынша ұсынымдар:
Ересектерге тамақ ішу кезінде тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан қабылдау ұсынылады.
Қабылдау ұзақтығы:
30 күн.
Қарсы көрсеткіштер:
Компоненттерге жеке төзімсіздік. 18 жасқа дейінгі балалар. Жүктілік және бала емізу кезеңі. Гипогликемиямен жүретін жағдайлар.
Сақтық шаралары:
Өнім ересектерге арналған. Созылмалы аурулар болған жағдайда немесе гипогликемиялық препараттарды қабылдап жүргенде дәрігермен кеңесу ұсынылады. Ұсынылған тәуліктік дозадан аспаңыз. Теңгерімді және толыққанды тамақтанудың орнына қолдануға болмайды. Қан қысымы төмен адамдарға сақтықпен қолдану қажет. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Ескертулер:
Қандағы глюкоза деңгейіне әсер етуі мүмкін, әсіресе қантты төмендететін препараттармен бірге қолданғанда. Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда қабылдауды тоқтатып, дәрігерге жүгініңіз. Компоненттерге аллергия болған жағдайда қолдануға болмайды. Биологиялық белсенді қоспалар әртүрлі және теңгерімді тамақтанудың орнын баспауы тиіс.
Cақтау шарттары:
Құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары:
Дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады. Рецептсіз босатылады.
Жарамдылық мерзімі:
36 ай (қаптамада көрсетілген).
Өндіруші және оның мекенжайы:
ALG Pharma Sp. z o.o., мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234 Варшава, Польша.
Импорттаушы тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі, 14а.
Пошталық индекс: 050000, тел.: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com
Брендті жылжыту жөніндегі уәкілетті тұлға және оның орналасқан жері: «Index Pharma Company» ЖШС, мекенжайы: Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 154, E-mail: indexzakup@gmail.com
Шығару түрі:
№ 30 таблеткалар (бір таблетканың салмағы 461 мг), 1 блистердегі 30 таблетка қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Таблетканың сипаттамасы: сарғыш -қоңыр түсті, дөңгелек, екі жағы дөңес.
Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні:
KZ.16.01.98.003.R.000457.05.25 21 мамыр 2025 жыл
КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР 029/2012 ТР және ТС 005/2011 талаптарына сәйкес келеді
ISO 9001:2015/HACCP