ТРИКАЛЬЦИН ФОРТЕ

Трикальцин Форте – жайлы өмір.
>>

ТРИКАЛЬЦИН ФОРТЕ

Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат болып табылмайды.


Құрамы:
Бір капсуланың құрамында:
Белсенді заттар:
Кальций карбонаты – 600 мг
(оның ішінде кальций) – 240,27 мг
Магний цитраты – 200 мг
(оның ішінде магний) – 22,67 мг
K2 дәрумені – 50 мкг
D3 дәрумені – 5 мкг

Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза.
Капсулалық қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, геллан камеди, мырыш оксиді.

100 гр тағамдық құндылығы: ақуыздар – 0,0 г, майлар – 0,0 г, көмірсулар – 22,73 г.
100 гр Энергетикалық құндылығы: 380,4 кДж / 90,9 ккал.

Қолдану аймағы: кальций, магний, D3 және K2 дәрумендерінің қосымша көзі ретінде тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады.

Құрамдас бөліктерінің функционалдық қасиеттері:
Кальций — сүйектер мен тістердің қалыпты жағдайын сақтауға ықпал етеді.
Магний — шаршау мен әлсіздікті азайтуға ықпал етеді.
D3 дәрумені — кальций мен фосфордың сіңуіне ықпал етеді.
K2 дәрумені — сүйек тінінің қалыпты жағдайын сақтауға ықпал етеді.

Қолдану бойынша ұсынымдар: ересектерге тәулігіне 1 капсуладан тамақпен бірге қабылдау ұсынылады.
Қабылдау ұзақтығы: 30 күн.

Қарсы көрсетілімдер: компоненттерге жеке төзімсіздік және 18 жасқа дейінгі балалар.
Сақтық шаралары: өнім ересектерге арналған. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Сақтау шарттары: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары: дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады.
Жарамдылық мерзімі: 48 ай (қаптамада көрсетілген).

Өндіруші және оның мекенжайы: Pharmacy Lap Group LLC, Szeroka көшесі 33, 05-075 Варшава, Польша

Импорттаушы / тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Index Pharma Company» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Жібек Жолы к-сі, 154
Пошталық индекс: 050000, тел: +7 (778) 544-00-22, E-mail: indexzakup@gmail.com

Шығару түрі: № 30 капсулалар (бір капсуланың салмағы 1100 мг). 15 капсуладан 2 блистер қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Капсуланың сипаттамасы: ақ түсті, цилиндр пішінді капсула.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, нөмірі мен берілген күні: № KZ.16.01.98.003.R.000159.03.26 18-03-2026 жыл.

КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР 029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді
ISO 22000:2018

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *

Прокрутить вверх