МАГНОПРИМ
Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат болып табылмайды.
| Құрамы: Бір таблетканың құрамында Белсенді заттар: Магний цитраты – 300 мг (оның ішінде магний) – 34 мг Мырыш глюконаты – 10 мг (оның ішінде мырыш) – 1,43 мг В6 дәрумені – 1,4 мг В2 дәрумені – 1,4 мг В1 дәрумені – 1,1 мг В12 дәрумені – 2,5 мкг | |
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, магний стеараты, кремний диоксиді.
100 гр тағамдық құндылығы: ақуыздар — 0,1г, көмірсулар — 0,00 г, майлар – 0,00 г;
100 гр энергетикалық құндылығы: 1 ккал / 4 кДж.
Қолдану аймағы: биологиялық белсенді тағамдық қоспа ретінде ұсынылады – В6, В12, В1, В2 витаминінің, мырыш пен магнийдің қосымша көзі.
Құрамдас бөліктердің функционалдық қасиеттері:
Магний – жүйке жүйесі мен бұлшықеттердің қалыпты қызметін қолдауға ықпал етеді, энергия алмасуына қатысады.
Мырыш – иммундық жүйенің қалыпты қызметін және зат алмасуды қолдауға ықпал етеді.
B6 дәрумені – аминқышқылдарының алмасуына және жүйке жүйесінің қызметіне қатысады.
B2 дәрумені – энергия алмасуына және жасушаларды тотығу стрессінен қорғауға қатысады.
B1 дәрумені – көмірсу және энергия алмасуына қатысады.
B12 дәрумені – зат алмасуға және қан түзілуіне қатысады.
Қолдану бойынша ұсынымдар: ересектерге тәулігіне 1 таблеткадан тамақпен бірге қабылдау ұсынылады.
Қабылдау ұзақтығы: 30 күн.
Қарсы көрсетілімдер: компоненттерге жеке төзімсіздік және 18 жасқа дейінгі балалар.
Сақтық шаралары: өнім ересектерге арналған. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Сақтау шарттары:
құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары: дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады.
Жарамдылық мерзімі: 48 ай (қаптамада көрсетілген).
Өндіруші және оның мекенжайы: Pharmacy Lap Group LLC, Szeroka көшесі 33, 05-075 Варшава, Польша.
Импорттаушы / тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Index Pharma Company» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Жібек Жолы к-сі, 154, Пошталық индекс: 050000,
тел: +7 (778) 544-00-22, E-mail: indexzakup@gmail.com
Шығару түрі: № 30 таблеткалар (бір таблетканың салмағы 550 мг). 15 таблекадан 2 блистер қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Таблетканың сипаттамасы: ақ түсті, дөңгелек пішінді, екі жағынан дөңес таблетка.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, нөмірі мен берілген күні: № KZ.16.01.98.003.R.000160.03.26 18-03-2026 жыл.
КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР 029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді.
ISO 22000:2018.