МЕНТАЛОКСИН
Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.
| Құрамы: Бір таблетканың құрамында Белсенді заттар | |
| Мелисса жапырағы сығындысы | — 50 мг |
| Құлмақ түйіндерінің сығындысы | — 25 мг |
| Бəйшешек аналығының сығындысы | — 1,25 мг |
Қосымша заттар:
Микрокристалды целлюлоза (Е460), магний стеараты (Е470) және кремний диоксиді (Е551)
100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы:
Ақуыздар – 2,86 г, майлар – 5,11 г, көмірсулар 88,46 г және 1719,6 Кдж / 411ккал.
Қолдану аймағы:
Тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға, күйзелісті азайтуға және ұйқыны жақсартуға ықпал етеді
Құрамдас бөліктердің функционалдық қасиеттері:
Мелисса жапырағының сығындысы — жүйкелік кернеуді төмендетуге және эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.Құлмақ түйіндерінің сығындысы — психоэмоционалдық күйге жағымды әсер етеді және босаңсуға ықпал етеді.Бəйшешек аналығының сығындысы — күйзеліс жағдайында тыныштықты сақтауға және эмоционалдық жүктемелерге бейімделуге көмектеседі
Қолдану бойынша ұсынымдар:
Ересектерге тамақ ішу кезінде тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан қабылдау ұсынылады.
Қабылдау ұзақтығы:
30 күн
Қарсы көрсеткіштер:
Жеке компоненттерге төзбеушілік және 18 жасқа дейінгі балалар.
Сақтық шаралары:
Өнім ересектерге арналған. Жүргізушілерге және механизмдерді басқаратын адамдарға ұсынылмайды. Тыныштандыратын немесе седативті қасиеттері бар басқа препараттармен біріктіруге болмайды. Жүкті және бала емізетін әйелдерге қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Cақтау шарттары:
Құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек
Сату шарттары:
Дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады. Рецептсіз босатылады.
Жарамдылық мерзімі:
36 ай (қаптамада көрсетілген).
Өндіруші және оның мекенжайы:
ALG Pharma Sp. z o.o., мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234 Варшава, Польша.
Импорттаушы тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі, 14а.
Пошталық индекс: 050000, тел.: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com
Брендті жылжыту жөніндегі уәкілетті тұлға және оның орналасқан жері: «Index Pharma Company» ЖШС, мекенжайы: Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 154, E-mail: indexzakup@gmail.com
Шығару түрі:
№ 30 таблеткалар (бір таблетканың салмағы 234 мг), 1 блистердегі 30 таблетка қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Таблетканың сипаттамасы:жасыл түсті, дөңгелек, екі жағынан шығыңқы.
Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні:
KZ.16.01.98.003.R.000383.04.25 23 сәуір 2025 жыл
КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011 КО ТР 029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді