ПРИМОВИТАН
Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрі болып табылмайды.
| Құрамы: Бір капсуланың құрамында Белсенді заттар: | |
| С дәрумені (L-аскорбин қышқылы) | — 80 мг |
| магний (магний цитраты) | — 60 мг |
| ниацин (никотинамид) | — 16 мг |
| темір (темір фумараты) | — 14 мг |
| мырыш (мырыш глюконаты) | — 10 мг |
| Е дәрумені (DL-альфа-токоферилацетат) | — 8,04 мг |
| пантотен қышқылы (кальций D-пантотенаты) | — 6 мг |
| B2 дәрумені (рибофлавин) | — 1,4 мг |
| B6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) | — 1,4 мг |
| B1 дәрумені (тиамин мононитраты) | — 1,1 мг |
| мыс (мыс глюконаты) | — 1 мг |
| A дәрумені (ретинилацетат) | — 400 мкг |
| фолифолий қышқылы (птероилмоноглутамин қышқылы) | — 200 мкг |
| селен (L-селенометионин) | — 55 мкг |
| D3 дәрумені (холекальциферол) | — 5 мкг |
| B12 дәрумені (цианокобаламин | — 2,5 мкг |
Қосымша заттар: магний стеараты (Е470) және кремний диоксиді (Е551)
Капсуланың құрамы: желатин (бұқа терісінен алынған), кальций карбонаты.
100 гр тағамдық және энергетикалық құндылығы:
ақуыздар — 0.00 г, көмірсулар — 0,01 г, майлар — 0,01 г и 170 кДж/40 ккал
Қолдану саласы:
Биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады – A, D3, C, E, B1, B2, B3, B5, B6, B9, B12 дәрумендерінің, сондай-ақ мырыш, темір, селен, мыс және магнийдің қосымша көзі.
Құрамдас компоненттердің функционалдық қасиеттері:
А дәрумені көру қабілетін қолдайды, өсу және даму процестеріне қатысады, иммундық жүйені нығайтуға ықпал етеді.
D3 дәрумені кальций мен фосфор алмасуын реттейді, сүйектер мен тістерді нығайтуға көмектеседі, иммундық және жүйке-бұлшықет жүйелерінің қызметін қолдайды.
С дәрумені қуатты антиоксидант болып табылады, иммунитетті күшейтеді, коллагеннің синтезін қолдайды, темірдің жақсы сіңуіне ықпал етеді.
Е дәрумені жасушаларды оксидативті күйзелістен қорғайды, терінің және жүрек-қан тамыр жүйесінің саулығын қолдайды.
В тобының дәрумендері (B1, B2, B3, B5, B6, B9, B12) зат алмасуға қатысады, жүйке жүйесінің жұмысын қолдайды, энергия өндіруге және қан түзілуіне ықпал етеді.
Мырыш иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуі үшін қажет, жаралардың жазылуына көмектеседі, тері мен шаштың саулығын қолдайды.
Темір қан түзілу процесіне қатысады, анемияның дамуын болдырмайды, оттегінің тасымалдануына ықпал етеді.
Селен антиоксиданттық қасиеттерге ие, иммундық жүйені және қалқанша безінің қызметін қолдайды
Мыс коллагеннің синтезіне қатысады, жүрек-қан тамыр жүйесінің саулығын қолдайды және темірдің сіңуін жақсартады.
Магний жүйке жүйесінің жұмысын реттейді, бұлшықеттердің жиырылуына қатысады, жүрек-қан тамыр жүйесін қолдайды.
Қолдану бойынша ұсынымдар:
Ересектерге тамақтану кезінде тәулігіне 1 рет бір капсуладан.
Қабылдау ұзақтығы:
30 күн
Қолдануға қарсы көрсетілімдер:
Өнім құрамындағы компоненттерге жеке төзімсіздік және 18 жасқа дейінгі балалар.
Сақтық шаралары:
Өнім ересектерге арналған. Қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдер препаратты дәрігермен кеңескеннен кейін ғана пайдалана алады.
Cақтау шарттары:
Құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-тан жоғары емес температурада сақтау керек.
Сату шарттары:
Дәріханаларда және сауда желілерінің бөлімдерінде сатылады. Рецептсіз босатылады.
Жарамдылық мерзімі:
36 ай (қаптамада көрсетілген).
Өндіруші және оның мекенжайы:
ALG Pharma Sp. z o.o., мекенжайы: Kasprzaka 31, 01-234 Варшава, Польша.
Импорттаушы тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:
«Прегио Фарма» ЖШС (Pregio Pharma LLC), Қазақстан, Алматы қ., Әуезов көшесі, 14а. Пошталық индекс: 050000, тел.: +7 (778) 644-11-88, E-mail: pregiopharmkz@gmail.com
Брендті жылжыту жөніндегі уәкілетті тұлға және оның орналасқан жері: «Index Pharma Company» ЖШС, мекенжайы: Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 154, E-mail: indexzakup@gmail.com
Шығару түрі:
Капсулалар №30 (бір капсуланың салмағы 785 мг) бір қорапшада 15 капсула, 2 блистерде.
Капсула сипаттамасы: Ақ түсті, цилиндрлік капсула.
Мемлекеттік тіркеу туралы, куәлік нөмірі мен берілген күні:
KZ.16.01.98.003.R.000464.05.25 22 мамыр 2025 жыл
КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011, КО ТР 029/2012 және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес келеді